ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ЖАРЫС КЕСТЕСІ: 13 ҚЫРКҮЙЕК

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ЖАРЫС КЕСТЕСІ: 13 ҚЫРКҮЙЕК
  • V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы жарыс күнінде бәйгеден жүлделер сарапқа салынады: Ұшқыр бәйге (1600 метр, 2400 метр, 3200 метр), жорға (9 км), Құнан бәйге (11 км), топ бәйге (18 км), аламан бәйге (25 км). Жарыс «Қазанат» ипподромында басталады.
  • Ал ипподром маңындағы этноауылда теңге ілуден жеті құт сайысынан Бақыт Төлтай өнер көрсетеді.
  • Этноауылда құсбегілік жарысы басталады. Қазақстандық құсбегілер бүркіт салудан жүлдеге таласады.
  • «Алау» мұз сарайында қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан финалдық бөлім басталады. Қазақстан құрамасы алтын жүлде үшін күреседі.
  • «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде түрік халқының зияткерлік ойыны мангаладан сайыс басталады. Мангаладан ұлттық құрама сапында Айкерім Қуанышбекова, Құндыз Есіркеп, Азамат Қайдаров және Биғали Зкиряев сынға түседі.