ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Түркия Республикасының Жастар және спорт министрі Осман Ашкын Бакпен кездесті.

Биыл жыл басынан бері Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Түркияда 16 жарысқа қатысып, 30-дан астам оқу-жаттығу жиынын өткізді.

«Қазақстан мен Түркия – тарихтың, тілдің, діннің және мәдениеттің ортақтығына негізделген берік байланыстағы бауырлас ел. Қазақ-түрік қатынастары жыл сайын дамып, нығайып келеді. Әсіресе спорт салаласында тығыз және достық қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді», - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасына түрік халқының мангала және ашыртмалы аба гюреши спорты енген. Елімізде өтіп жатқан ойынға Түркия Республикасынан 97 спортшы спорттың 12 түрі бойынша қатысып жатыр.