ЖӘНІБЕК ҚҰЛМЫРЗАЕВ ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

ЖӘНІБЕК ҚҰЛМЫРЗАЕВ ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

Дәстүрлі садақ атудан «Пута» нысанасы бойынша өнер көрсеткен Жәнібек Құлмырзаев алтын медальға ие болды.

«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды.

Бүгін дәстүрлі садақ атудан Қасымхан Қанат пен Айкөркем Батихан қола жүлдеге ие болған еді.