ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Өзбекстан Республикасының Спорт министрі Адхам Икрамовпен келіссөздер жүргізді.

Екіжақты келіссөздер барысында тараптар ұлттық спорт түрлерін дамыту әлеуеті мен спортшыларды даярлау саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Қазақстанда өткізілуі біздің ел үшін ерекше маңызды. Бұл іс-шара халықаралық аренада ұлттық спорт түрлерін насихаттап қана қоймай, халықтарымыз арасындағы достық байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді», – деді министр.

Кездесу соңында Ербол Мырзабосынов Өзбекстанның Спорт министріне 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысқаны үшін алғысын білдіріп, Ойындардың екі ел арасындағы мәдени және спорттық байланыстарды нығайтудағы маңызын атап өтті.