
Жерлестеріміз пара каноэден 200 метр қашықтықта іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жаңыл Балтабаева 200 метр қашықтықта VL3 санатында сынға түсіп, 1:04.72 нәтижесімен іріктеуден өтті. Енді ол 7 қыркүйек күні Астана уақытымен 13:49-да жартылай финалда өнер көрсетеді.
Бибарыс Сыпатай KL2 санатында 200 метр қашықтықты 48.50 секунд нәтижесімен жүріп өтті. Оның жартылай финалы да 7 қыркүйекте Астана уақытымен 13:14-де өтеді.