Қазақстаннан ыстық ықыласпен: Райым Уайыс

Қазақстаннан ыстық ықыласпен: Райым Уайыс

Қазіргі қиын кезеңде қазақ халқы ынтымақтастықты нығайтып, əлем халықтарымен мәдени байланыстарды арттыра түсуге бар күшін салып келеді.

«Қазақстаннан ыстық ықыласпен» флешмобы аясында қазақ əншісі Райым Уайыс танымал кувейттік əнші, музыкалық продюсер Хаммуд Осман əл-Худердің (Humood Othman Alkhudher) «Kun Anta» (Өзіңмен бол) əнін орындап, араб тілді мемлекеттерге музыкалық тарту жасады.

Музыкалық өнер арқылы бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірлік таныту қазіргі сындарлы кезеңде өте өзекті.

Біз, Қазақ елі, әрдайым халықаралық мәдени ынтымақтастықты арттыруды мақсат тұтып, бауырлас халықтардың қолдауы арқылы барлық қиындықтарды жеңіп шығатынымызға сенеміз.