
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуы 8 қыркүйекте өтеді. «Астана Арена» стадионында өтетін салтанатты шараға қатысушыларды 14:00 бастап автобуспен жеткізу ұйымдастырылады.
Тұрғындар этноауыл, Қазанат, Арғымақ нысандарына өз көліктерімен жіберілмейді. Ойындар кезінде қоғамдық көліктер тоқтатылмайды, деді 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев. Сондай-ақ, 7-13 қыркүйек аралығында жарыс күндері көрермендер үшін арнайы шатл басстар ұйымдастырылады.
«Әр күні сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін «Астана Арена» стадионы, ЭКСПО және Республикалық Бас мешітте автобустар жанкүйерлерді осы спорттық нысандарға ақысыз тасымалдайды. Одан басқа, қалалық қоғамдық көліктер ақылы түрде аталған үш нысанға барады», - деді спикер ОКҚ қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында.
@ortcom_kz #CCS