ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫ-2024: ТӨРТІНШІ ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕСІ (1 ҚЫРКҮЙЕК)

ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫ-2024: ТӨРТІНШІ ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕСІ (1 ҚЫРКҮЙЕК)

Пара нысана көздеу

10 метрге пневматикалық мылтықпен нысана көздеуден (R3: екі шынтаққа тірекпен отырып ату) сынға түскен Еркін Ғаббасов 624.3 ұпай жинап, 35-орынға тұрақтады.

Пара жүзу

Рио Паралимпиадасының жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина 150 метрге жүзуде 10-орынға тұрақтап, финалға шыға алмады.

Пара үстел теннисі

Париж-2024 Паралимпиадасында пара үстел теннисінен 1/16 финалында Әли Мақұлбеков бельгиялық Марк Ледомен кездесіп, 1:3 есебімен қарсыласына есе жіберді. Осылайша Әли Париж-2024 Паралимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады.

Паралимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 күміс жүлде бар.