
Пара нысана көздеу
R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. Бұл - Париж Паралимпиадасында ел қоржынына түскен алғашқы медаль.
Әйелдер арасында өнер көрсеткен Севда Әлиева SH1 санатында 10 метрге пневматикалық тапаншадан нысана көздеуде 13-орынға ие болды.
Пара жеңіл атлетика
Гүлбақыт Қайыржанова найза лақтыруда (F13 санаты) 34.23 метр нәтижесімен бесінші орынға тұрақтады.
Волейболды отырып ойнау
Қазақстан ұлттық құрамасы топтық кезеңдегі екінші матчын Паралимпиаданың үш дүркін жеңімпазы, Токиода қола алған Босния және Герцеговина құрамасымен өткізіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Пара таэквондо
Нышан Өмірәлі (+80 кг) К44 қола үшін тартыста ирандық Хамед Хагшенасқа (Hamed Haghshenas) 9:16 есебімен жеңілді.
80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 класында күрескен Нұрлан Домбаев Паралимпиадада қола медаль үшін жекпе-жекте оңтүстік кореялық спортшы Джу Джонхунға (Joo Jeonghun) 1:7 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.
Паралимпиаданың үшінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 күміс жүлде бар.