
Кәмиля Досмалова Паралимпия ойындарында Қазақстан атынан К44 класында (57 кг дейін) пара таеквондо бойынша жарысқа шықты. Ширек финалдық кездесуде Кәмиля сербиялық спортшы Мария Мицевпен кездесіп, 0:5 есебімен жеңілді.
Енді Кәмиля қола медальға таласу мүмкіндігі үшін жұбаныш кезеңінде бағын сынайды. Кездесу Астана уақыты бойынша 20:53 өтеді.