МАКСИМ ХОРОШАВИН - АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

МАКСИМ ХОРОШАВИН - АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Қазір Таиланд корольдігінде велотректен Азия кубогы өтіп жатыр.

Алғашқы жарыс күнінде жекелей із кесу сайысында Ұлттық құрама спортшысы Максим Хорошавин 3-орынға ие болды.

Айта кетейік, барлығы 10 елден 167 спортшы бақ сынап жатқан бәсекеде 8 отандасымыз өнер көрсетеді. Олар: Әлішер Жұмақан, Илья Карабутов, Рамазан Мұхтар, Андрей Чугай, Кирилл Курдиди, Ризван Бейсенбаев, Виктор Голов, Максим Хорошавин.

Бәсеке 30 тамызда аяқталады.