МИНИСТР ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ НАССЕР АЙМАН МАДЖАЛИМЕН КЕЗДЕСТІ

МИНИСТР ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ НАССЕР АЙМАН МАДЖАЛИМЕН КЕЗДЕСТІ

«Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының Бас хатшысы Нассер Айман Маджалимен кездестім. Мұсылман елдеріндегі спортты дамытудағы қауымдастықтың маңызды рөлін және біздің ынтымақтастығымыздың маңыздылығын талқыладық.

Ұйымның ең негізгі жарысы – төрт жылда бір ұйымдастырылатын Ислам ынтымақтастығы ойындары. Қазақстан құрамасы аталған ойындарға үш рет қатысты. Сауд Арабиясындағы алғашқы ойындарда біздің құрама жалпы есепте үшінші орынға ие болды. Соңғы ойындарға 125 спортшымыз қатысып, 27 алтын, 23 күміс және 39 қола медаль жеңіп алды. Жалпы есепте үздік бестіктің қатарынан көрінді.

Кездесу соңында Насер Айман Маджалиді Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының құрметті қонағы болуға шақырдым
», - деп жазды министр Telegram каналында.