ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

«Кезекті рет азаматтарды қабылдау өткіздім. Туризм және спорт министрлігінің қызметіне бей-жай қарамайтын қоғам өкілдерінің бірқатар ұсынысы мен өзекті мәселесін тыңдадым.

Астана қаласының тұрғыны қазақ футболындағы қордаланған мәселелерді ортаға салып, елімізде футболды дамытуға қатысты бірнеше ұсынысын жеткізді. Екібастұз қаласының азаматы аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арнап бейімделген жеңіл атлетика спортын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесіне енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ қабылдау барысында еліміздің туризм саласын дамыту, шетелдіктерге отандық демалыс аймақтарын таныстыру, инвесторларды тарту сияқты ұсыныстар айтылды.

Азаматтардың барлық өтінішін министрлік қызметкерлері бақылауға алды. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді»,- деп жазды министр Telegram каналында.