МҮЛТІКСІЗ МҮМКІНДІК: КАМИЛА ДОСМАЛОВА

МҮЛТІКСІЗ МҮМКІНДІК: КАМИЛА ДОСМАЛОВА

Париж Паралимпиадасы қарсаңында Франциядағы Ойындарға қатысатын спортшыларды таныстыруды жалғастырамыз. «Мүлтіксіз мүмкіндік» жобасының тоғызыншы кейіпкері – Камила Досмалова.

Пара таэквондодан 57 кг салмақта сынға түсетін Камила Досмалова – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ханчжоудағы (Қытай) Пара Азия ойындарының күміс медаль иегері. Сондай-ақ Азия, әлем және Еуропа чемпионатының жеңімпазы, гран-при сайыстарының бірнеше дүркін жүлдегері.

Спортшы Париждегі Паралимпиадада жақсы нәтиже көрсетуге және жүлделі орындардан көріну үшін бар күш-жігерін салатынын айтады.