
Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында каноэде 500 метрге ескек есуде отандасымыз Мария Бровкова мәреге үшінші болып келіп, қола медаль жеңіп алды.
Оның уақыт көрсеткіші- 2:09.731 секунд. Украина өкілі Людмила Лузан (2:06.881) жеңімпаз атанса, қола Чили елінің спортшысы Мария Миллиардқа (2:08.912) бұйырды.
Айта кетейік, кеше Мария 1000 метрге жарыстың финалына шығып, 9 спортшының ішінде 8-сатыға тұрақтаған.