
Париж Паралимпиадасы қарсаңында Франциядағы Ойындарға қатысатын спортшыларды таныстыруды жалғастырамыз. «Мүлтіксіз мүмкіндік» жобасының сегізінші кейіпкері – Сиязбек Дәлиев.
Сиязбек – пара жүзуден Пара Азия және Дүниежүзілік ойындарының жеңімпазы. Бірнеше халықаралық жарыстың чемпионы әрі жүлдегері.
Париждегі Паралимпиадада спортшымыз жақсы нәтиже көрсетуге және жүлделі орындардан көріну үшін бар күш-жігерін салуға дайын.