V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА САНАУЛЫ КҮН ҚАЛДЫ

V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА САНАУЛЫ КҮН ҚАЛДЫ

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына санаулы күн қалды. Бұл ойындарда бірнеше елден келген спортшылар ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан бөлек, түріктің мангала, Батыс Африка елдерінің овари атты зияткерлік ойындарынан өзара мықтыны анықтайды.

2024 жылғы 5-6 наурызда Қызылорда қаласында овариден тұңғыш рет ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Чемпионатқа 27 спортшы қатысқан. Осы чемпионат қорытындысы бойынша V Дүниежүзілік қөшпенділер ойындарында овариден ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды.

Олар – тоғызқұмалақтан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Серік Ақтаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ернұр Мерешев, тоғызқұмалақтан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Әсел Далиева және тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аңсаған Қожанәсіп.