МҮЛТІКСІЗ МҮМКІНДІК: ӘЛФИЯ ТІЛЕКҚАБЫЛ

МҮЛТІКСІЗ МҮМКІНДІК: ӘЛФИЯ ТІЛЕКҚАБЫЛ

Париж Паралимпиадасы қарсаңында Франциядағы Ойындарға қатысатын спортшыларды таныстыруды жалғастырамыз. «Мүлтіксіз мүмкіндік» жобасының жетінші кейіпкері – Әлфия Тілекқабыл.

Әлфия – пара дзюдодан 2023 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы. Отандасымыз Паралимпиада жолдамасын Халықаралық Паралимпиада комитетінің үш жақты (bipartite) комиссиясының шешімімен иеленді.

Ұлттық құрама қатарына былтыр ғана қосылған 18 жастағы атыраулық пара дзюдошы - Париж Паралимпиадасына қатысатын Қазақстан делегациясының ең жас спортшысы.

Париждегі Паралимпиадада спортшымыз жақсы нәтиже көрсетуге және жүлделі орындардан көріну үшін бар күш-жігерін салуға дайын.