МҮЛТІКСІЗ МҮМКІНДІК: ЕРКІН ҒАББАСОВ

МҮЛТІКСІЗ МҮМКІНДІК: ЕРКІН ҒАББАСОВ

Париж Паралимпиадасы қарсаңында Франциядағы Ойындарға қатысатын спортшыларды таныстыруды жалғастырамыз. «Мүлтіксіз мүмкіндік» жобасының алтыншы кейіпкері – Еркін Ғаббасов.

Еркін осы жылдың наурыз айында Нью-Делиде (Үндістан) өткен пара нысана көздеуден Әлем кубогінде екінші орынға ие болып, Париж-2024 Паралимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. Ал сәуір айында жерлесіміз Оңтүстік Кореядағы Әлем кубогі кезеңінде топ жарды. Сонымен қатар ол бірнеше халықаралық жарыстың жеңімпазы мен жүлдегері.

Спортшы Париждегі Паралимпиадада жақсы нәтиже көрсетуге және жүлделі орындардан көріну үшін бар күш-жігерін салатынын айтады.