«ЖАЗ ӘУЕНДЕРІ» жобасы – облыстық концерттік ұйымдардың үздік онлайн-концерттері жинағы

«ЖАЗ ӘУЕНДЕРІ» жобасы – облыстық концерттік ұйымдардың үздік онлайн-концерттері жинағы

Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы жанындағы «Концерттік-гастрольдік қызмет бойынша мемлекеттік концерттік ұйымдардың республикалық орталығымен» бірлесе «ЖАЗ ӘУЕНДЕРІ» онлайн-жобасын назарларыңызға ұсынады.

Облыстық концерттік ұйымдардың үздік концерттері Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты мен YouTube арнасында жарияланады.

Музыка мен шығармашылықта кеңістігі шексіз. Жаз мезгілі жылы шуақ пен ерекше көңіл-күймен қатар, музыка арқылы берілетін көптеген жаңа эмоцияларды әрі қуанышты сәттерді сыйлайды.

Жазғы онлайн-концерттер көрерменге жылдың осы жайма шуақ мезгілінде жақсы көңіл-күй сыйлап, қоғамдағы бірліктің нығаюына үлес қосады әрі жазғы концерттік маусымның тиімді баламасы бола алады.

Осы жаздың ең жарқын концерттерін өткізіп алмаңыздар!