
Париж Олимпиадасының бүгінгі жарыс күнінде (10 тамыз) 4 жерлесіміз спорттың 4 түрінен сынға түседі (қазіргі бессайыс, еркін күрес, брейкинг, велотрек).
Бұл күні брейкингте Олимпиада жүлдесі сарапқа салынады. Спорттың бұл түрінен ел намысын Әмір Зәкіров қорғайды.
Қазіргі бессайыс
Елена Потапенко жеке сынның жартылай финалына қатысады.
Еркін күрес
Әлішер Ерғали (97 кг) іріктеуде бозкілемге шығады.
Велотрек
Андрей Чугай кейрин бағдарламасы бойынша бірінші кезеңде өнер көрсетеді.