НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Ұлттық құрама боксшысы Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы қытайлық У Юдан жеңіліп қалды.

Төрешілер есебі: 1-4.

Енді алтын медаль жолындағы шешуші жекпе-жекте қытайлық Бусе Наз Чакыроглу (Түркия) немесе Айра Виллегаспен (Филиппин) жұдырықтасады. Финал 9 тамыздан 10-ына қараған түнгі сағат 1:47-де басталады.

Айта кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Джиордана Соррентиноны (Италия) ұтқан. Есеп 4:1. Ал жарыстың 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия) айқын басымдықпен (5-0) тізе бүктірген.

Ширек финалда Колумбия өкілі Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді жеңді. Есеп: 4-1.

Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, бір рет үздік үштікті түйіндеген.