
Париж Паралимпиадасы қарсаңында Франциядағы Ойындарға қатысатын отандасымыз, жобамыздың үшінші кейіпкерін назарларыңызға ұсынамыз. Ол – Әли Мақұлбеков.
Әли – пара үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Спортшы 2023 жылғы Қазақстан біріншілігі мен Қазақстан Паралимпиадасының чемпионы.
Халықаралық FA 40 және FA 20 жарыстарының жүлдегері.
FA20 санатындағы Италия ашық чемпионатының аралас жұптық бәсекесінің және 2024 жылғы Польша ашық чемпионатының жекелей сындағы қола жүлдегері.
Әли пара үстел теннисінен Париж Паралимпиадасына жолдама жеңіп алуды армандағанын және спортта биік белестерді бағындыру үшін күш-жігерін салатынын айтады.