ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ АҚЖОЛ МАХМҰДОВТЫ ЖЕҢДІ

ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ АҚЖОЛ МАХМҰДОВТЫ ЖЕҢДІ

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жықты.

Есеп: 3-1.

Финал жолдамасын Демеу Әзірбайжан өкілі Санан Сулейманов Золтан Леваи (Мажарстан) екеуінің біреуімен сарапқа салады.

Отандасымыз қырғызстандық қарсыласын төрттағаннан көтеріп алып, айналдыра лақтырды.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ