БЕКАРЫС РАМАТУЛЛА МЕН СЕРГЕЙ ТОКАРНИЦКИЙ ШИРЕК ФИНАЛДА ЖАРЫСАДЫ

БЕКАРЫС РАМАТУЛЛА МЕН СЕРГЕЙ ТОКАРНИЦКИЙ ШИРЕК ФИНАЛДА ЖАРЫСАДЫ

Париж Олимпиадасында байдаркада 500 метрге жарыста Қазақстан ерлер командасы іріктеуден жартылай финалға тікелей жолдама ала алмады.

Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий жұбы өз тобында мәреге бесінші жетті. Уақыт көрсеткіші - 1:38.62 секунд.

Енді олар сағат 17:30-да ширек финалда тағы бақ сынап көреді.

Фото: Владислав СЕМЕНОВ