ЖАЗҒЫ ОЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫ-2024: ОНЫНШЫ ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕСІ (5 ТАМЫЗ)

ЖАЗҒЫ ОЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫ-2024: ОНЫНШЫ ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕСІ (5 ТАМЫЗ)

Жеңіл атлетика

Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде жартылай финалға шыға алмады. Отандасымыз жұбаныш кезеңінде өз тобында мәреге алтыншы болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 23.70 секунд.

Стенд ату

Скит бағдарламасында аралас жұптық сында бақ сынаған Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко іріктеуде 140 ұпай жинап, 12-сатыдан көрінді.

Грек-рим күресі

Аса ауыр салмақтағы палуан Әлімхан Сыздықов ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Сабах Шариатиға (Әзірбайжан) жол берді. Есеп: 0-4.
Айдос Сұлтанғали (60 кг) алғашқы белдесуінде 2 дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековтен (Қырғызстан) жеңіліп қалды. Тартысты өткен айқастың есебі: 3-6.

Олимпиаданың оныншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.