
«Халықаралық баскетбол федерациясының (ФИБА) Бас хатшысы Андреас Загклиспен кездестім.
Кездесу барасында ҚР Ұлттық баскетбол Федерациясымен ынтымақтастық және халықаралық турнирлерді бірлесіп өткізу мәселерін талқыладық.
Қазақстанда баскетболмен 560 мыңға жуық адам айналысады, елімізде қазір 27 кәсіби клуб табысты жұмыс істейді. Оның ішінде 14 ерлер мен 13 әйелдер клубы бар. Жыл сайын ересектер және жасөспірімдер командалары арасында Қазақстан чемпионаттары өткізіледі.
Кездесуде сондай-ақ спорттық мәдениетті дамытуға ерекше назар аударылды. Андреас Загклис өз кезегінде біздің елде халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қолайлы перспективалары бар екенін атап өтті», - деп жазды министр Telegram каналында.