БОКСТАН ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕСІ ҚОРЖЫНДА

БОКСТАН ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕСІ ҚОРЖЫНДА

Боксшымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалда Мурад Аллахвердиевті (Әзірбайжан) тізе бүктіріп, келесі кезеңге шықты.

Төрешілер есебі 5-0. Демек, отандасымыздың еншісінде кемі қола медаль бар.

Енді Нұрбек жартылай финалда Кристиан Хавьер Пиналеспен (Доминикан) күш сынасады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай - былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері. Мурад Еуропа ойындарының қола жүлдегері атанған.

Фото: Сали САБИРОВ