НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ШИРЕК ФИНАЛДА БАҚ СЫНАЙДЫ

НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ШИРЕК ФИНАЛДА БАҚ СЫНАЙДЫ

Тәжірибелі боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия) айқын басымдықпен тізе бүктірді.

Төрешілер есебі: 5-0.

Енді ширек финалда Колумбия өкілімен кездеседі.

Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы. Каролайн Барбоза - былтыр Панамерика ойындарының жеңімпазы.