
Дзюдошымыз Нұрлыхан Шархан (100 кг) Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде тәжірибелі Тома Никифоровтан (Бельгия) басым түсті. Негізгі уақыттың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Томаға 3-ескерту (shido) берілді.
Айта кетейік, отандасымыз енді 1/8 кезеңде өзбекстандық Музаффарбек Туробовқа қарсы шығады.
Бельгиялық әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Еуропа чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы атанған.
Фото: Сали САБИРОВ