
Париж Олимпиадасында пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден ерлер арасындағы жекелей сынның іріктеуі аяқталды.
Ұлттық құрама спортшысы Ислам Сатпаев тура 628 ұпай жинап, 21-сатыға табан тіреді.
Ал Константин Малиновский 626.6 ұпаймен 32-орыннан көрінді.
Бұл сында барлығы 49 спортшы бақ сынады. Ертең финалда үздік 8 мерген жүлдеге таласады.