АЛЕКСАНДРА ЛЕ ТАҒЫ ФИНАЛДА

АЛЕКСАНДРА ЛЕ ТАҒЫ ФИНАЛДА

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Ұлттық құрама спортшысы Александра Ле финалға шықты.

Ол іріктеуде 631.4 ұпай жинап, 6-сатыға тұрақтады. Финалда 8 үздік мерген сынға түседі.

Ал Арина Алтухова бұл сында 17-сатыда (627.7 ұпай).

Айта кетейік, бұл Александраның алғашқы Олимпиадасы. Ол кеше Ислам Сәтпаевпен бірге Олимпиадада қола медаль жеңіп алған.