
Дзюдодан Париж Олимпиадасында 60 келідегі тәжірибелі Елдос Сметов алғашқы айналымда Нидерланд спортшысы Торнике Чкадуамен кездесіп, қарсыласы ережені бұзғаны үшін, келесі айналымға жолдама алды.
🇯🇵2021 жылы Токио Олимпиадасында қос спортшы қола жүлде үшін белдесіп, Елдос Сметовтың бағы жанған болатын.
Енді жерлесіміз екінші айналымда Украина өкілі Дилшот Халматовпен кездеседі.