
Бүгін бокстан Париж Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі өтті.
Ерлер
51 келі. 17 боксшы
1/8 финал
Сәкен Бибосынов🆚Самет Гумуш (2024 жылғы Еуропа чемпионы)
Ширек финалда Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Дусматовпен (Өзбекстан) жолығуы мүмкін.
57 келі. 17 боксшы
1/8 финал
Махмұд Сабырхан🆚Хосе Гуелес Бротонс (2023 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері)
Ширек финалда әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) жұдырықтасуы мүмкін.
63,5 келі. 22 қатысушы
1/16 финал
Мұхамедсабыр Базарбайұлы🆚Ойер Ибарче
1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы Тайпей өкілі Лай Чу Енмен кездеседі.
71 келі. 20 қатысушы
1/16 финал.
Асланбек Шымбергенов🆚Зейад Ишаиш (2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері)
1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы әлем чемпионы Севон Оказавамен (Жапония) жолығады.
80 келі. 18 қатысушы
1/8 финал
Нұрбек Оралбай🆚Каллум Петерс
92 келі. 16 қатысушы
1/8 финал
Айбек Оралбай🆚Олейтен Олаор
Ширек финалда 2 дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Ла Круз (Куба) немесе әлем чемпионы Альфонсо Домингезбен (Әзербайжан) жолығуы мүмкін.
+92 келі. 16 қатысушы
1/8 финал.
Қамшыбек Қоңқабаев🆚Аюб Джадфа (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері)
Әйелдер:
50 келі. 22 боксшы
1/16 финал.
Назым Қызайбай🆚Джиордана Соррентино (2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері)
1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы 2023 жылғы Пан Американ ойындарының чемпионы Каролин Де Алмейдамен жұдырық түйістіреді.
57 келі. 22 боксшы
1/8 финал
Карина Ибрагимова🆚Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико)
75 келі. 16 боксшы
1/8 финал.
Валентина Хальзова🆚Азейна Билон (2015 жылғы әлем чемпионы)