
Париж Олимпиадасының теннистен жекелей сынның жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр.
Ерлер арасында Ұлттық құрама көшбасшысы Александр Бублик ойындардағы тұсаукесер матчында америкалық Тейлор Фрицпен сынға түседі. Қазір қазақстандық ATP рейтингінде 25-ші, ал қарсыласы 11-орында тұр. Екеуі осыған дейін 5 мәрте кездескен. Бұл текетіресте Бублик 3-2 есебімен алда тұр.
Ал Александр Шевченко болса 1-айналымда 18 жастағы чех спортшысы Якуб Меншикпен ойнайды. Екеуі былтыр Словакияда кортта кездескенде Якуб басым түскен.