ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жазғы демалыс кезеңінде медицина қызметкерлерінің балаларына арналған «Пайдалы бос уақыт» атты жаңа жобаны бастайды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жазғы демалыс кезеңінде медицина қызметкерлерінің балаларына арналған «Пайдалы бос уақыт» атты жаңа жобаны бастайды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жазғы демалыс кезеңінде медицина қызметкерлерінің балаларына білім беруге арналған «Пайдалы бос уақыт» атты жаңа жобаны бастайды.
⠀
Мақсаты – COVID-19 пандемиясына қарсы күрес жүргізіп жатқан медицина қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсету.
⠀
 Қайырымдылық жоба балалардың бос уақыттарын пайдалы өткізуге зор үлес қосады
⠀
 Балалар өнер және спорт бағытындағы өзіне қызықты пәндерді таңдай алады
⠀
 Онлайн шеберлік сабақтар, жеке әрі топтық дәрістер тегін өткізіледі.
⠀
 Онлайн сабақтарды еліміздің белгілі өнер және спорт қайраткерлері жүргізеді.
⠀
Сабақтардың бағыттары:
⠀
- Домбыра, фортепиано, скрипка, гитара, эстрадалық ән айту, сурет салу, актерлік шеберлік
⠀
- Еркін күрес, Грек-Рим күресі, дзюдо, гимнастика, бокс, таэквондо.
⠀