ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МИРАС ТӨЛЕБАЕВ ОЙЫН БИЗНЕСІ ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МИРАС ТӨЛЕБАЕВ ОЙЫН БИЗНЕСІ ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

Заңға 2024 жылдың 8 шілдесінде қол қойылды (Заң 2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап күшіне енеді).

150 түзету енгізілді:
* 8 кодекске
* 14 заңға

Заңдарға 18 түзету бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілді. Парламентте заңды қарау барысында депутаттар қосымша 74 түзету енгізді.

Сол сияқты спикер Заңның негізгі бөліктеріне тоқталды:

* Букмекерлік кеңселердің және тотализаторлардың жарнамасына шектеу қою
* Смс-хабарламалар арқылы құмар ойындар мен бәс тігуді жарнамалауға тыйым салу
* Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде бар адамдардың құмар ойындарға қатысуына және бәс тігуіне тыйым салу
* Ойын бизнесі саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік енгізу
* Мемлекеттік мен әскери қызметшілерге құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салу
* Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда лотерея билеттерін таратуға тыйым салу
* Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуге тыйым салу
* Жеке тұлғалардың құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан шектеудің ең жоғары мерзімін бір жылдан 10 жылға дейін ұлғайту
* Лудомандарды диспансерлік есепке қоймай тегін емдеуді енгізу.