ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ (INSTAGRAM, TIKTOK) ЗАҢСЫЗ ЛОТЕРЕЯМЕН КҮРЕС БОЙЫНША БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ (INSTAGRAM, TIKTOK) ЗАҢСЫЗ ЛОТЕРЕЯМЕН КҮРЕС БОЙЫНША БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Заңсыз лотереяны ұйымдастырғаны үшін 400 мыңнан 3,7 млн теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Бүгінгі таңда 16 азамат 7 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, БАҚ өкілдерінен, блогерлерден әлеуметтік желілердегі лотереялық ұтыс ойындарының заңсыз екенін көрермендеріне, оқырмандарына жеткізуді сұраймын», - деді Мирас Төлебаев.

2023 жылдың басынан Министрліктің талап-арыздары бойынша сот шешімдері негізінде заң бұзушылықтарға байланысты 14 букмекерлік кеңсенің, 8 тотализатордың және 1 ойын автоматтары залы қызметі тоқтатылды. Кейінгі 3 жылда ойын бизнесі саласындағы лицензиаттар саны 4 есеге (71-ден 17-ге дейін) азайды.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қонаев қаласында 4 букмекерлік кеңсе мен 2 ойын автоматтары залы бойынша жоспардан тыс және жоспарлы тексеру, сондай-ақ лотерея операторына жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 1 букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылып, 2 ойын автоматтары залы мен лотерея операторына 8 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.