
2024 жылы сәуір айында Бішкекте (Қырғызстан) өткен лицензиялық турнирдің жартылай финалдық белдесуінде Бахрейн өкілі Шамил Шариповты (Әлем кубогының чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері) 7:3 есебімен ұтып, Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді.
Токио Олимпиадасының қатысушысы.
1996 жылы 13 сәуір күні Ресей Федерациясында дүниеге келген. 2013 жылдан бастап, Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
🥇🥈Азия чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері (2020, 2023)
🥉23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері (2019)
🥇23 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы (2019).