МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Ермек Маржықпаев:

- ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиадаға дайындығы туралы есеп берді;
- лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндады:
    – төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген;
    – Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.
- ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты;
- спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді.

Мемлекет басшысы Олимпиаданың спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.

t.me/aqorda_resmi