ҚҰЗҒА ӨРМЕЛЕУДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

ҚҰЗҒА ӨРМЕЛЕУДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Бүгін Бурабай демалыс кентінде Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына және Астана қаласының туған күніне орай 5-ші мәрте құзға өрмелеуден «Бурабай-2024» республикалық фестивалі өтті.

Ауқымды жарысқа  Астана, Көкшетау, Шучинск қалалары мен Ақмола,  Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысынан келген 200-ден астам әуесқой спортшы қатысты.

Фестивальді ұйымдастырушы ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашов жиналғандарды дәстүрлі спорттық сайыстың басталуымен құттықтады.

«Құзға өрмелеуден республикалық фестивальді өткізудегі негізгі мақсат- еліміздегі бұқаралық спортты, альпинизм мен спорттық туризмді сонымен бірге ішкі туризмді дамыту. Өздеріңізге белгілі спорттың осы түріне деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді, әсіресе жастардың белсенділігі қуантады. Және де биыл Париж олимпиадасына құзға өрмелеуден лицензия алдық. Бұл еліміз үшін жақсы жетістік»,-деді ол.

Iс-шара барысында қатысушылар физикалық дайындығына байланысты бірі — биіктігі 300 метрді құрайтын «Оқжетпес» шыңын бағындырса, бірі — 3 әпке шоқысына көтерілді.

Құзға өрмелеуден «Бурабай-2024» республикалық фестивалінің жеңімпаздары:

«Ардагерлер арасында үздік қатысушы» - Сәуле Кенжеғұлова (1964 ж.т.,Астана қаласы); Нариман Сыздықов (1949 ж.т.,Астана қ.)

«Ең жас қатысушы» - Владислав Ильин (2017 ж.т.,Қостанай қ.); Есения Усольцева (2016 ж.т.,СҚО)

«Жеңіске деген ерік-жігері үшін» - Игорь Ермак (СҚО); Айса Құрман (Астана қ.) Эльвира Қарабаева(Астана қ.)

«Үздік жаттықтырушы» - Виктория Усольцева (СҚО)

Жалпыкомандалық есеп бойынша жеңімпаздар- Солтүстік Қазақстан облысының командасы (І-орын); Шучинск қаласының командасы (ІІ-орын); Қостанай облысының командасы (ІІІ-орын).

Боулдеринг бойынша жеңімпаздар- Солтүстік Қазақстан облысының командасы (І-орын); Шучинск қаласының командасы (ІІ-орын); Қостанай облысының командасы (ІІІ-орын).