
Ангелина Сорокина стенд атудан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының чемпионы атанды. Біздің мерген скит бағдарламасында финалда 20 ұпай жинады. Ал кеше аяқталған іріктеуді ол 95 баллмен қорытындылаған.
Ұлдар арасында Маэль Титкин 4-орыннан көрінді.
Ал 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде Софья Малкина күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол финалда 146.5 ұпай жинап, жеңімпаздан 0.3 ұпай қалып кетті.