
Якутск қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында жеңіл атлетикадан Ұлттық команда 2 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді.
Ангелина Шрубенец 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде алдына жан салмай, жеңімпаз атанды. Оның уақыт көрсеткіші - 14.79 секунд.
Ұлдар арасында Ергелді Нұрман финалда 7-сатыдан көрінді.
Осыдан кейін Глеб Клепинин якут әдісімен секіруде (ыстанга бағдарламасы) жарыс қожайындарын қапы қалдырып, алтыннан алқа тақты. Қыздар арасында отандасымыз Алиса Исаева қола жүлдеге қол жеткізді.
Ал 200 метрге жарыста Юлия Дёмкина мәреге екінші болып жетті (25.98 секунд).