
Якутск қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында жеңіл атлетикадан ел қоржынына 3 қола медаль түсті.
Мирас Жақсылық 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде мәре сызығын үшінші болып кесті.
Ал Юлия Дёмкина 100 метрге (12.36 секунд), Виктория Мельникова 1500 метрге (4 минут 59.26 секунд) жүгіруде қола жүлдегер атанды.
Сонымен қатар 3 қарғып секіруде Алиса Исаева тұғыр биігінің 3-сатысына көтерілді.