
Дзюдошы Севинч Абдукадирова Якутск қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының чемпионы атанды.
Отандасымыз 40 кг салмақтың финалында өзбекстандық спортшыДинора Хасановадан басым түсті.
Шымкенттік татами шебері бүгін айналмалы жүйе бойынша өткен жарыста Саха Республикасының, Беларусь және Өзбекстан спортшысын 2 рет жықты.
Сондай-ақ бүгін Мағжан Жолдасбек (50 кг), Айбарыс Нұралы (46 кг) мен Әсел Русланова (44 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Ертең қалған 5 салмақта үздіктер белгілі болады.