
Қазақстандық спортшылар Якутскіде өтіп жатқан халықаралық «Азия балалары» ойындарында ел қоржынына жүзуден тағы да 3 медаль салды.
Арқамен жүзуде (100 метр) Александр Румынский (56.74) күміс жүлдегер атанды.
Қола жүлдені Таисия Короткова жеңіп алды. Ол еркін жүзу стилімен 50 метрлік қашықтықты 27.47 секундта жүзіп өтті.
Сондай-ақ, 4x100 аралас эстафета қорытындысы бойынша жасөспірімдер командасы тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.