
VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында жүзуден қазақ спортшылары тағы 2 қола жүлдеге қол жеткізді.
Еркін әдіспен жүзуден эстафетада (4×200) ұлдар командасы мәреге үшінші болып жетті (7.57:18 секунд). Команда сапында Фёдор Диденко, Роман Румынский, Даниил Чужинов, Александр Румынский сынға түсті.
Ал баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуде Фёдор Диденко қола жүлдегер атанды (55.85 секунд).
Осымен жүзуден барлық жүлде таратылды. Қазақстан командасына 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бұйырды.