ПАЛУАНДАР ОЙЫНДАРДЫ 3 ЖҮЛДЕМЕН БАСТАДЫ

ПАЛУАНДАР ОЙЫНДАРДЫ 3 ЖҮЛДЕМЕН БАСТАДЫ

Якутск қаласында VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында әйелдер күресінен барлық салмақта жүлде сарапқа салынды.

Қазақстан командасы сапынан Інжу Баққожа (39 кг) мен Айша Әбдімәлік (62 кг) күміс жүлдегер атанды.
Ал Арина Қуанышова (54 кг) өз салмағында үшінші орын алды.

Өкінішке қарай, қола медаль үшін белдесуде Мадина Токушева (46 кг) мен Диана Айтжанова (50 кг) қарсыласынан ұтылып қалды.

Айта кетейік, бұл сында қыздар 7 салмақта сынға түсті.