АҚМАРАЛ ЕРЕКЕШЕВА - VIII ЖАЗҒЫ «АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ОЙЫНДАРЫНЫҢ 3 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ

АҚМАРАЛ ЕРЕКЕШЕВА - VIII ЖАЗҒЫ «АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ОЙЫНДАРЫНЫҢ 3 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ

Бүгін Қазақстан командасының көшбасшысы көркем гимнастикадан тағы 2 медаль жеңіп алды. Әуелі ол ұршықпен өнер көрсетіп, үздік үштікті түйіндеді (31.300 балл).

Осыдан кейін лентамен жаттығу көрсетіп, қолаға иелік етті. Бұл жолы Ақмарал 30.700 ұпай жинады. Ал доп және шығыршықтан финалда Ақмарал жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.

Еске сала кетейік, кеше отандасымыз көпсайыста күміс жүлдегер атанған.