Gracenote сараптамалық компаниясы Париж Олимпиадасына 1 ай уақыт қалғанда, соңғы болжамын ұсынды.
Мәліметке сенсек, Қазақстанға 🥇2 алтын, 🥈2 күміс, 🥉6 қола бұйырып, жалпы есепте 26-орынға тұрақтайды. Ал өзге Орталық Азия елдерінен Өзбекстанға 🥇3 алтын, 🥈2 күміс, 🥉6 қола бұйырады.
Айта кетейік, бұндай сәуегейлік жасауға өткен Олимпиададағы көрсеткіштері, әлем, құрлық біріншілігіндегі нәтижелері есепке алынады.
Ал ТОП-5 тізімге енген елдер:
АҚШ — 🥇37 алтын, 🥈34 күміс, 🥉52 қола.
Қытай — 🥇36 алтын, 🥈29 алтын, 🥉22 қола.
Франция — 🥇29 алтын, 🥈17 күміс, 🥉10 қола.
Нидерланды — 🥇17 алтын, 🥈8 күміс, 🥉9 қола.
Ұлыбритания — 🥇14 алтын, 🥈25 күміс,🥉23 қола.
26 шілде-11 тамыз күндері аралығында өтетін Париж Олимпиадасында 32 спорт түрінен 329 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Қазақстаннан 25 спорт түрінен 72 жерлесіміз Париж Олимпиадасының 83 жолдамасын иеленген.